Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұқағали Мақатаев
09
февраль
2023
Мұқағали Мақатаев
09.02.2023 ж  М.Мақатаев  «Жазылар естеліктер мен туралы» . Мектеп кітапханамызда бүгін 10 сынып оқушылары мен Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналған дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін
Роза Тәжібайқызы Бағланова 101 жыл
17
январь
2023
Роза Тәжібайқызы Бағланова 101 жыл
Бүгін 17.01.2023 ж. Мектебімізде «Роза Бағланованың 101 жылдық мерейтойы» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: Білімділігі: Әнші Роза Бағланова туралы, оның өнердегі қоғамда алған орны туралы оқушыларға мағлұмат беру; Аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген қазақтың әнші қызы арқылы үлгі етіп, өнеге ету.   
“Тәуелсіздік тұғырым”
19
декабрь
2022
“Тәуелсіздік тұғырым”
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай 4 “Ә” сынып оқушыларының “ Тәуелсіздік тұғырым” атты сынып сағаты болып өтті. Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.  
"Дүниежүзілік қарттар күні"
07
октябрь
2022
"Дүниежүзілік қарттар күні"
Көп жасаған қария, Ақылы теңіз-дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі соқпақ, сөзі нәр. Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң, Тістерсің бір күн бармақты. Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымыз бен апаларымыздың мерекесі. Соған орай N179 жалпы білім беретін мектепте 8-ші сынып жетекшілерімен
"ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ"
08
апрель
2022
"ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ"
    Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің 2021-2022 жылғы жоспарына сәйкес, мектебімізде "ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ" тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.
"Өзін-өзі басқару" ұйымы
07
апрель
2022
"Өзін-өзі басқару" ұйымы
  "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай, дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты:оқушыларды тарихи тұлғаларды құрметтеуге,шығармашылық қабылетін дамытуға, Тұлғаның еңбегі туралы мәлімет беру.
"Ардагер ұстаздарымызды ардақтайық"
18
март
2022
"Ардагер ұстаздарымызды ардақтайық"
  "Ардагер ұстаздарымызды ардақтайық"тақырыбында мектебіміздің ардагер ұстазы Есенкулова Нұрбике апайды Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай, мектебіміздің 10"А" сынып оқушылары гүл шоқтарын ұсынып, алғысын білдірді.
"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ"
16
март
2022
"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ"
  №179 жалпы білім беретін мектеп География пәні мұғалімі Абдрахманова Рабигуль Рахмахуновна "Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ" тақырыбында 9 "Ә" сыныбымен сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
"Экология және біз"
16
март
2022
"Экология және біз"
  №179 жалпы білім беретін мектеп География пәні мұғалімі Муканова Жанар Мадылхановна сыныптан тыс "Экология және біз" тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.  
"Теңбіл доп"
14
март
2022
"Теңбіл доп"
    №179 жалпы білім беретін мектеп Спорт жетiстiктерi Алматы каласы Алатау ауданы 152 мектеп-гимназиясында аудан мектептерi арасында өткен "Теңбіл доп"аудандык жарысында мектебiмiздiң, Футбол құрамасы жүлделi орынмен марапатталды.