Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаздар мерекесінде "Ұстаз " бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Арайлым Дюсембекқызының ұйымдастыруымен ұстаздарға сыйлық берілді. Сонымен қатар осы жылы 40 жас мерейтойларын атап өткен
05
октябрь
2019
Ұстаздар мерекесінде "Ұстаз " бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
Ұстаздар мерекесінде "Ұстаз " бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Арайлым Дюсембекқызының ұйымдастыруымен ұстаздарға сыйлық берілді. Сонымен қатар осы жылы 40 жас мерейтойларын атап өткен Раева Гулвира, Таттимбетова Гүлсим, Усенова Айжан апайларды кәсіподақ атынан атап, сыйлық беріліп, құттықтап өтті.  
Бүгін мектебімізде "Адал ұрпақ " ұйымы мен 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ұстаз болу- жүректің батырлығы " тақырыбында мерекелік кеш болып өтті.
05
октябрь
2019
Бүгін мектебімізде "Адал ұрпақ " ұйымы мен 9 сынып оқушыларының
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы- дей келе Ұстазға қанша мақтаулар айтсада артық емес. Бүгін мектебімізде "Адал ұрпақ " ұйымы мен 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ұстаз болу- жүректің батырлығы " тақырыбында мерекелік кеш болып өтті.   
Қарттар күніне орай "Қарты бар үйдің, қазынасы бар" тақырыбында өткен іс -шара№
04
октябрь
2019
Қарттар күніне орай "Қарты бар үйдің, қазынасы бар" тақырыбында өткен
Мектебімізде қазан айында қарттар күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арыстанова Гүлбаршын 6 "А" сынып оқушыларымен ұйымдастырған, "Қарты бар үйдің, қазынасы бар" атты іс -шара өткізді. Іс -шараға арнайы қонақтар, яғни ата -әжелер шақыртылды. Балалар қарттарға арналған жыр шумақтар оқып, би -билеп, әннен шашу шашты. Іс -шараның соңы келген қонақтар болашақ жеткіншектерге тілектерін айтып, ақ батасын берумен ұласты.   
Мектебімізде отбасы күніне арналған 2-3 сыныптар арасында "Көңілді старт" атты отбасылық спорттық іс-шара өткізілді.
03
октябрь
2019
Мектебімізде отбасы күніне арналған 2-3 сыныптар арасында "Көңілді
03.10.2019 ж күні мектебімізде отбасы күніне арналған 2-3 сыныптар арасында "Көңілді старт" атты отбасылық спорттық іс-шара өткізілді.  Мақсаты: Мектеп-отбасы-бала арасындағы қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру, ойынға қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру. Ұйымдастырған бастауыш сынып және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ұзақов Айдын.                    
"Рухани жаңғыру " бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры " жобаларын іске асырудың іс- шаралара жоспарына сәйкес Алатау аудандық Білім бөлімі ұйымдастырған педагог қызметкерлер арасындағы "Адал ұстаз " сайысында мектебіміздің логопеді
30
сентябрь
2019
"Рухани жаңғыру " бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры " жобаларын
"Рухани жаңғыру " бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры " жобаларын іске асырудың іс- шаралара жоспарына сәйкес Алатау аудандық Білім бөлімі ұйымдастырған педагог қызметкерлер арасындағы "Адал ұстаз " сайысында мектебіміздің логопеді Оразбекова Асия ІІ ОРЫНМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.  
Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 179 жалпы білім беретін мектепте 04 - 14 қыркүйек аралығында «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» атты 05 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған онкүндік болып өтті.
26
сентябрь
2019
Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 179 жалпы білім беретін мектепте 04 -
Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 179 жалпы білім беретін мектепте 04 - 14 қыркүйек аралығында «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» атты 05 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған онкүндік болып өтті. Мақсаты- оқушылардың ұлтқа, халыққа деген құрмет сезімін ояту, өзара достық қарым-қатынастарды нығайту, татулыққа тәрбиелеу. Онкүндік барысында ұйымдастырылған шаралардың барлығы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.Жоғары деңгейде өтілуіне қа зақ, орыс, ағылшын тілі пән мұғалімдері
Алматы мұражайына саяхат
17
сентябрь
2019
Алматы мұражайына саяхат
Алматы қаласының туылған күніне байланысты Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алатау ауданынан көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға бір күндік саяхат ұйымдастырылды. Саяхатқа Алатау ауданы бойынша 125 оқушы қамтылып көрікті деген жерлерді аралап қайтты.Саяхатқа  № 179 мектепо қушылары белсене атсалысып қайтты. Саяхат *Алматы* мұражайынан басталып, ары қарай А. Байтұрсынов тұрған мұражайға жалғасты. М. Әуезовтің тұрған үйіне қазіргі таңда мұражай болып өз жұмысын жандандыруда.
14. 09. 2019ж күні мектебімізде бастауыш сыныптарда "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы " тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
14
сентябрь
2019
14. 09. 2019ж күні мектебімізде бастауыш сыныптарда "Бала
14. 09. 2019ж күні мектебімізде бастауыш сыныптарда "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы " тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында сынып жетекшілер жаңартылған білім беру бойынша коучингтер мен психологиялық тренингтер өткізді .   
Алматы қаласының болашағы – өзіміздің қолымызда!!!…Қазіргі уақытта қаламыз бұрынғысынан да әдеміленіп, көркейе түскен. Осындай әсемде, көркем қаламыздың туған күнін бүгінде №179 жалпы білім беретін мектепте атап өтті.
13
сентябрь
2019
Алматы қаласының болашағы – өзіміздің қолымызда!!!…Қазіргі уақытта
Алматының табиғаты өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Егер әрбір тұрғын өзінің ауласын, жүрген жерін таза ұстап, Табиғат-Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді. Олай болса, болашақ, соның ішінде, Алматы қаласының болашағы – өзіміздің қолымызда!!!…Қазіргі уақытта
Алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2019
Алғашқы қоңырау
Соғылсын қоңырау, соғылсын, Сыңғырла мәңгілік сыңғырла. Толқыған жүректер тоғысын Толтырып бір арна, бір жырға. Шаттықтың үніндей мәңгілік Соғылсын қоңырау, соғылсын, Қуаныш әніндей жаңғырып Жүректер ақ нұрға соғылсын. Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтті. Бұл күн – білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн.№179 жалпы білім беретін мектепте де