Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Былғары доп» футбол жарысы
29
сентябрь
2023
«Былғары доп» футбол жарысы
Алатау ауданы ҰМЛ аясында 5-7 сынып ұлдар және қыздар арасында «Былғары доп» футбол жарысынан аймақтық іріктеу кезеңі Жүз Жетпіс Тоғыз Мектеп те болып өтті. I. Мақсаты: - Мектеп оқушыларын спортпен шұғылдануға тұрақты тарту. - Мектеп оқушыларын спортқа баулу - Салауатты өмір салтын насихттау - Балаларды темекі шегу , ішімдік ішу, нашақорлық, қылмыстық іс, діни экстримизм сияқты зиянды әрекеттерден алыс болуын, спорт арқылы көңілін аудару; - Рухани жігерлікке, адамгершілікке, патриоттыққа
«Мәңгілік тілдің – мәңгілік тілі»
21
сентябрь
2023
«Мәңгілік тілдің – мәңгілік тілі»
Тілдер күні мерекесіне арналған «Мәңгілік тілдің – мәңгілік тілі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен ағылшын тілі пәндері бірлестіктерінің тілдер апталығы өтті. Апталық барысында гуманитарлық пәндер ұжымы мемлекеттік тілдің және орыс, ағылшын тілдерінің қоғамдағы үштілділік саясатының маңызын, бірнеше тілді қатар игеру арқылы туған жерімізді сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге білімді ұпақ болуға тәрбиелеу, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, жеріне деген
Жалпы ата-аналар жиналысы 2023-2024 оқу жылы
20
сентябрь
2023
Жалпы ата-аналар жиналысы 2023-2024 оқу жылы
2023-2024 оқу жылының 20 қыркүйек күні мектебімізде 5-11 сыныптардың ата-аналарына арналған Жалпы жиналыс болып өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселе: 1. Әр отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі. 2. Оқушылардың жалпы қауіпсіздік ережелері туралы. 3. Мектептің ішкі тәртібі мен ережелері. Жиналыстың мақсаты: 1.Әр отбасының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызын арттыру. Баланың жағымды әдеттер мен құнды қасиеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. 2. Оқушы
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың  мерейтойына орай кітап көрмесі
19
сентябрь
2023
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мерейтойына орай кітап көрмесі
№179 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясының академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мерейтойына орай кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрмесінің мақсаты – ұлы қазақ жазушысының өмірімен және шығармашылық қызметімен таныстыру. Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте, яғни қазақтың
"Менің өмірім,  менің жұмысым,  менің қауіпсіз  Еңбегім"
18
сентябрь
2023
"Менің өмірім, менің жұмысым, менің қауіпсіз Еңбегім"
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ҚР Оқу- ағарту министрлігінің хаты негізінде, 27 қыркүйек "Еңбек күніне" орай, мектебімізде 3- сынып оқушыларымен еңбекке баулу мақсатында, гул баптауды үйретті. 9- сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұстафина Бибінұр апай "Менің өмірім, менің жұмысым, менің қауіпсіз Еңбегім" тақырыбында дәріс оқыды.  
"Жеті жұрттың тілін біл"
15
сентябрь
2023
"Жеті жұрттың тілін біл"
Жалпы білім беру ұйымдарының 11- сынып оқушылары арасында өткізілген "Жеті жұрттың тілін біл" атты байқауға қатысып аудандық кезеңде жүлделі II-орынды мектебіміздің 11- сынып оқушысы Даханқызы Інжу иеленді. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шопиева Ақмарал Рысбековна  
"Қазақ  ғылымы мен  мәдениетінің жарық жұлдызы"
14
сентябрь
2023
"Қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарық жұлдызы"
Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында, "Қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарық жұлдызы" атты сыныптан тыс іс- шара өткізілді. Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері    
"Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ!"
13
сентябрь
2023
"Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ!"
     "Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ!" 179ЖББМ 6-сынып оқушылары арасында "Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: "Сыбайлас-жемқорлық" деген ұғымды түсiндiрiп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.  
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты»
13
сентябрь
2023
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты»
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халыққа кезекті Жолдауы бойынша, мектебімізде Қарасу ықшам ауданы тұрғындарымен кездесу өтіп, талқыланды.