Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Абайдың қара сөздері"
13
октябрь
2023
"Абайдың қара сөздері"
Алматы қаласы, Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Абайдың қара сөздері" аудандық байқауында ізденімпаздығы мен шығармашылық жетістігі үшін, мектебіміздің 5 а сынып оқушысы Тлеу Нұртуған Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері: мектеп кітапханашылары Саймбулекова Ж, Тұяқова Н.  
"Мен болашақ құтқарушымын"
12
октябрь
2023
"Мен болашақ құтқарушымын"
Алатау ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы 19 Қазан "Құтқарушылар күні" мерекесін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12- Қазан 2023 жылы авариялық-құтқару жабдықтарымен танысып, Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындықты арттыру мақсатында Қарасу ықшам ауданында орналасқан № 3 Өрт сөндіру бөлімшесіне бекітілген кестеге сәйкес "Ашық есік" күніне мектебіміздің 8-сынып оқушылары барып, авариялық-құтқару жұмыстарымен танысып қайтты  
"Менің ұстазым"
11
октябрь
2023
"Менің ұстазым"
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыста, мектебіміздің 2 "Ә" сынып оқушысы Мади Нұрали Ұстаздар күніне орай өткізген "Менің ұстазым" байқауының сурет салу номинациясы бойынша II- дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Усенова Арай Тұрарбекқызы  
10- қазан  Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні
10
октябрь
2023
10- қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні
10- қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтаймыз! Мектебіміздің “ Ұстаз” кәсіподақ ұйымының төрайымы Абдекеева Арайлым Дюсембековна мереке қарсаңымен қатар келген, мектебіміздегі мерей той иелері мен Ұстаздар күнінде ардагер ұстаздарымызды құттықтады. Біздің еліміздің кәсіподақтары еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетілетін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға ықпал етуде. Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер
"Ұстаздар күні" Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алғыс хаты
09
октябрь
2023
"Ұстаздар күні" Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алғыс
Ұстаздар күніне орай N179 жалпы білім беретін мектеп ұжымын Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алғыс хатымен марапаттады.  
"Ұсатздар күні" -2023
05
октябрь
2023
"Ұсатздар күні" -2023
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта
"International Educational Fair 2023"   халықаралық білім көрмесі
04
октябрь
2023
"International Educational Fair 2023" халықаралық білім көрмесі
04.10.2023 жылы мектебіміздің оқушылары "International Educational Fair 2023" халықаралық білім көрмесі барып, көріп қайтты. Максаты: Окушылардын шет елде білім алып, тежірибе жинауына мумкіндік жасау, бәсекеге қабілеттілігін арттырып, шетелде жоғары білім алудың кол жетімділігі мен таңдау ауқымын кебейту. Оқушылар осы көрмеге қатысып мумкіндікті пайдаланып, шет ел университеттерінін өкілдерімен кенесті. Біздін окушыларымыз енбек жолын жаркын жасауга мумкіндіктері бар екенін тусінді.  
"Білім мен тәрбие - егіз"
04
октябрь
2023
"Білім мен тәрбие - егіз"
Қазақта "Білім мен тәрбие - егіз" деген сөз бар.Дана халқымыз жастарға жақсы білім беру үшін тәрбие беру мәселесін басты назарда ұстау үшін АДАЛ ҰРПАҚ ҰЖЫМЫ “Саналы ұрпақ, жарқын болашақ” тақырыбында 8 сыныптар арасында сынып сағатын өткізді   
1- қазан Халықаралық Қарттар күні
03
октябрь
2023
1- қазан Халықаралық Қарттар күні
N 179 жалпы білім беретін мектеп бойынша 1- қазан Халықаралық Қарттар күніне орай, оқушылар арасында сурет байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту. Балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру; үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Қай кезде де, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!  
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»
02
октябрь
2023
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Қарттар күніне орай мектебіміздің 11-сынып оқушылары мен бірге сынып жеткшілері Шопиева Акмарал Рысбековна, Кудербаева Гульназ Сагатжановна, Абдрахманова Рабигуль Рахмахуновна Қарасу ықшам ауданындағы ардагер қарттарымыз Сартқожин Амангелді атамыз (1954 жылы туылған) бен Сарткожина Кулкеш (1955 жылы туылған) апамыздың үйіне барып құттықтап қайтты. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген,