Оқушыларға » Страница 19 » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
1- қазан Қарттар күніне орай,  10 сынып оқушылары, қарттарымыздың үйіне барып құттықтап қайтты.
01
октябрь
2021
1- қазан Қарттар күніне орай, 10 сынып оқушылары, қарттарымыздың
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. 1- қазан Қарттар
№179 жалпы білім беретін мектеп  медбикесімен бірге, 8- сынып қыздарына жиналыс өткізілді.
28
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектеп медбикесімен бірге, 8- сынып
Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында, мектебіміздің медбикесімен бірге, 8- сынып қыздарына жиналыс өткізілді.            
№179 жалпы білім беретін мектеп  дәллізінде "Оқуға құштар "  бұрышы ұйымдастырылды.
25
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектеп дәллізінде "Оқуға құштар " бұрышы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыр, Оқырман құзыреттілігі - шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындының тілін түсінуге, сөйлеу құзіреттілігі - қазақ әдеби тілінің нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру, әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу
Адал Ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы алғашқы жиыны өткізілді.
24
сентябрь
2021
Адал Ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы алғашқы жиыны өткізілді.
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мақсатында құрылған мектепшілік Адал Ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы алғашқы жиыны өткізілді. 2020-2021 оқу жылының жылдық есебі беріліп, алдағы жоспарланған іс шаралар талқыланды. Адал Ұрпақ ұйымының төрайымы Асқар Ернұр "Адал Ұрпақ" қатарына қосылған жаңа оқушыларды ұйым жұмысымен таныстырды.      
№179  жалпы  білім беретін  меткепте  Қазақстан халқы  тілдері  күніне  орай   13  қыркүйек пен  22 қыркүйек   аралығында  "Тіл-қоғамдағы   бірліктің ұйытқысы"  атты онкүндік  өтілді.
23
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін меткепте Қазақстан халқы тілдері
№179 жалпы білім беретін меткепте Қазақстан халқы тілдері күніне орай 13 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында "Тіл-қоғамдағы бірліктің ұйытқысы" атты онкүндік өтілді. Онкүндікке әрбір тіл мамандары түрлі іс-шаралар өткізді. Біз де, Қойкенова Жазира және мен, Арыстанова Гүлбаршын, 6- сыныптар арасында "А.Байтұрсынов- ұлттың ұлы ұстазы" атты білгірлер сайысын ұйымдастырдық. Сайыс үш кезеңнен тұрды. 1-кезең "Бәйге" Сұраққа жылдам жауап беру; 2-кезең. "Көкпар" Ұяшық астындағы санды таңдау арқылы
«Қажымұқан –әлемдік бейне» тақырыбында жарыс өткізілді. Жарысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты.
22
сентябрь
2021
«Қажымұқан –әлемдік бейне» тақырыбында жарыс өткізілді. Жарысқа 7-8
Алматы қаласы, Алатау ауданы № 179 ЖББ мектебінде «Ел жастары» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы шеңберінде мектепішілік «Қажымұқан –әлемдік бейне» тақырыбында жарыс өткізілді. Жарысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты; Жас ұрпаққа, «Спорт-денсаулық кепілі» екенін ұқтырып, денсаулығымызды бағалауды үйрету.        
Мектеп дефектологы - Исаева Тоғжан және мектеп логопеді - Қорғанова Алтынгүлдің жеке түзету -дамытушылық сабақтарынан үзінді
20
сентябрь
2021
Мектеп дефектологы - Исаева Тоғжан және мектеп логопеді - Қорғанова
№179 жалпы білім беретін мектептің ерекше білімді қажет ететін оқушылармен мектеп дефектологы - Исаева Тоғжан және мектеп логопеді - Қорғанова Алтынгүлдің жеке түзету -дамытушылық сабақтарынан үзінді          
Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында қыздар жиналысы өткізілді.
16
сентябрь
2021
Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында қыздар жиналысы өткізілді.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы мақсатта бүгін мектебімізде қыздар жиналысы өткізілді.           
№179 жалпы білім беретін мектептің «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының ұйымдастырумен «Ұланбасы» сайлауы өтті.
15
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектептің «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының
№179 жалпы білім беретін мектептің «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының ұйымдастырумен «Ұланбасы» сайлауы өтті. Ұланбасы сайлауға мектебіміздің 8,9-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің алға қойған мақсаттары мен жоспарларын ортаға салып, дөңгелек үстелде талқыланды. 8 «А» сынып оқушысы Қошан Алмат ұланбасына лайықты деп танып, бірауыздан сайланды.      
Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының #704 бөлімінің басшысы Сыдыкбекова Гульнара Шарипбаевнаның қатысуымен, онлайн конференцияны мектебіміздің мектеп бітіруші түлектері ҰБТ туралы толық ақпарат алды.
15
сентябрь
2021
Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының #704 бөлімінің басшысы
Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының #704 бөлімінің басшысы Сыдыкбекова Гульнара Шарипбаевнаның қатысуымен, онлайн конференцияны мектебіміздің мектеп бітіруші түлектері ҰБТ туралы толық ақпарат алды.