Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиада қалалық кезең
29
ноябрь
2023
Республикалық олимпиада қалалық кезең
Республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңінен ең жоғары ұпай жинап №179 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Дарханқызы Інжу республикалық кезеңге жолдама алды. https://www.facebook.com/100050616690715/videos/1493093361546618/      
"Абай оқулары"
28
ноябрь
2023
"Абай оқулары"
Республикалық "Дара бала " журналының қолдауымен ұйымдастырылған "Алтын күз" еркін тақырып "Абай оқулары" аталымы бойынша қатысқан мектебіміздің 3 "А" сынып оқушысы Рашит Ақниет Мақсатқызы І дәрежелі дипломмен мараппатталды. Жетекшісі: Аккожина Салтанат Төреханқызы  
"Балапан саз" Республикалық байқау
20
ноябрь
2023
"Балапан саз" Республикалық байқау
Республикалық балалар шығармашылығы байқауында, мектебіміздің оқушысы Тоқтарбек Жаннұр жүлделі І-орынмен марапатталды. Жетекшісі: Балжан Сағымбаева Чекетайқызы  
« Ағылшын сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану»
31
октябрь
2023
« Ағылшын сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын
31 қазан күні Ағылшын тілдер бірлестігі « Ағылшын сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында бірлестік жетекшісі Қасымбек Венера жалпы ойын деген ұғымды, оның сабақ барысында қолданудың қаншалықты тиімді, қызықты екенін айтып өтті. Сонымен қатар Жүнісбекова А, Узакова А, Қадырбай А, Анапияева Н, Ержанов Е секілді ұстаздар да өз тәжірбиелерімен бөлісіп, семинар барысында ұстаздармен түрлі ойындармен бөлісті.Сол
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ "
26
октябрь
2023
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ "
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен, кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, кітапхана саласының кәсіби құндылықтарын сақтау, жастар арасында мамандықтың беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған, "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ " атты аудандық байқауда, мектебіміздің кітапханашысы Тұяқова Назира Айдаровна "ЖАҢАШЫЛ КІТАПХАНАШЫ " деген номинациясымен марапатталды.  
"КҮЗ - СЫЙЫ"
19
октябрь
2023
"КҮЗ - СЫЙЫ"
18.10.2023 ж күні мектебіміздің бастауыш сыныптардың ұйымдастыруымен "КҮЗ - СЫЙЫ" атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды мектептегі тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді.  
"Абайдың қара сөздері"
13
октябрь
2023
"Абайдың қара сөздері"
Алматы қаласы, Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Абайдың қара сөздері" аудандық байқауында ізденімпаздығы мен шығармашылық жетістігі үшін, мектебіміздің 5 а сынып оқушысы Тлеу Нұртуған Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері: мектеп кітапханашылары Саймбулекова Ж, Тұяқова Н.  
"Менің ұстазым"
11
октябрь
2023
"Менің ұстазым"
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыста, мектебіміздің 2 "Ә" сынып оқушысы Мади Нұрали Ұстаздар күніне орай өткізген "Менің ұстазым" байқауының сурет салу номинациясы бойынша II- дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Усенова Арай Тұрарбекқызы  
"Ұстаздар күні" Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алғыс хаты
09
октябрь
2023
"Ұстаздар күні" Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алғыс
Ұстаздар күніне орай N179 жалпы білім беретін мектеп ұжымын Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алғыс хатымен марапаттады.  
«Былғары доп» футбол жарысы
29
сентябрь
2023
«Былғары доп» футбол жарысы
Алатау ауданы ҰМЛ аясында 5-7 сынып ұлдар және қыздар арасында «Былғары доп» футбол жарысынан аймақтық іріктеу кезеңі Жүз Жетпіс Тоғыз Мектеп те болып өтті. I. Мақсаты: - Мектеп оқушыларын спортпен шұғылдануға тұрақты тарту. - Мектеп оқушыларын спортқа баулу - Салауатты өмір салтын насихттау - Балаларды темекі шегу , ішімдік ішу, нашақорлық, қылмыстық іс, діни экстримизм сияқты зиянды әрекеттерден алыс болуын, спорт арқылы көңілін аудару; - Рухани жігерлікке, адамгершілікке, патриоттыққа