Жетістіктеріміз » Страница 2 » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Талантты психолог"
13
март
2024
"Талантты психолог"
Алматы қаласы білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Психологиялық тренингтің үздік әдістемелік әзірлемесі " қалалық кезеңінде, мектебіміздің психологы Жұмахмет Ұлмекен "Талантты психолог" номинациясымен марапатталды.
"Асық ату " аудандық жарыс
11
март
2024
"Асық ату " аудандық жарыс
Мектебіміздің 9 сынып оқушылары, Алатау ауданы мектеп оқушылары арасындағы спорт түрлерінен фестиваль жарысына қатысып,   бойынша жүлделі І орынға ие болып қайтты. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таубаев Базарбай Маженович
"Алматы дарыны"
14
февраль
2024
"Алматы дарыны"
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша Республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңінен мектебіміздің 11 "А" сынып оқушысы Дарханқызы Інжу I-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:Донекова Арман Ергеновна   
Халықаралық “ALAH STAR” көпжанрлы өнер байқауы
12
февраль
2024
Халықаралық “ALAH STAR” көпжанрлы өнер байқауы
Мектебіміздің 2 “Е” сынып оқушысы НАЗЕТХАН АЙЖҰЛДЫЗ Халықаралық “ALAH STAR” көпжанрлы өнер байқауында “вокал” номинациясы бойынша, БАС ЖҮЛДЕМЕН марапатталып, Туркия еліне жолдама алды.   
Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы
10
февраль
2024
Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы
Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында мектебіміздің 2 г сынып оқушысы Рахимова Айару жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атанып "Вокал" жанры бойынша жүлделі І-орынға ие болды.  
”Мен өмірді жырлау үшін келгенмін”
09
февраль
2024
”Мен өмірді жырлау үшін келгенмін”
№179 жалпы білім беретін мектепте, 3-4, сыныптар арасында ”Мен өмірді жырлау үшін келгенмін” тақырыбында Мұқағали Мақатаевтың өлеңнерін мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Мақсаты:Ақынның шығармашылығын, өмірін жас бүлдіршіндерге түсіндіру. Оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен өзектес жырларының құдыретін сезіну, өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын таныту, үлгі алу. Сайыста төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды. 3-сыныптар
Ұлттық мектеп лигасы "Асық ату" қалалық кезең
07
февраль
2024
Ұлттық мектеп лигасы "Асық ату" қалалық кезең
Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде Асық ату спорт түрінен жалпы командалық есепте, мектебіміздің 5-6 сыныптар мен 7-8 сыныптар жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Сонымен қатар, Асық ату сайысына спортшыларды жоғарғы дәрежеде дайындағаны үшін және жоғарғы дәрежеде төрешілік еткені үшін, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таубаев Базарбай Маженович СЕРТИФИКАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!  
«Қысқы қиял»
25
январь
2024
«Қысқы қиял»
Халықаралық балалар шығармашылығы байқауында, «Қысқы қиял» номинациясымен мектебіміздің оқушылары Нұрмұқадасұлы Ақпейіл, Өмірхан Кәусар жүлделі І- орынмен, Мерғали Эльнара ІІІ- орынмен марапатталды. Жетекшілері: көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Адильбеков Ержан, Айтмухамбетова Мейрамгуль.  
Аудандық  “Асық ату” ойыны
19
январь
2024
Аудандық  “Асық ату” ойыны
Алатау ауданы бойынша   № 179 жалпы білім беретін мектепте , аудан мектептерінің қатысуымен  5-11 сыныптар арасында    өткізілді . Мақсаты: Баланың жастайынан ой - қабілетін шыңдап , дәллікке , ептілікке , ширақтыққа , ұстамдылыққа , алғырлыққа тәрбиелеу 9-11 сынып 1- орын  180 ЖББМ 7-8 сынып  1 - орын 179 ЖББМ 5-6 сынып  1- орын  179  ЖББМ Қалалық кезеңге жолдама алды
«Жігіт сұлтаны-2024»
18
январь
2024
«Жігіт сұлтаны-2024»
Алматы қаласы, Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында өткен «Жігіт сұлтаны-2024» байқауында үздік өнер көрсеткені үшін «Сергек ойлы жігіт» номинациясы бойынша 11 «А» сынып оқушысы Жомарт Рамазан марапатталады. Құттықтаймыз! Жетекшісі: Құрбанбаева Аягоз Сапаргалиқызы