28
ноябрь
2019
"Халқым деп соққан жүрегі бар Елбасым" тақырыбында мектеп кітапханасында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
№179 жалпы білім беретін мектептің кітапханашыларының ұйымдасьтырумен Тұңғыш Президент күніне орай "Халқым деп соққан жүрегі бар Елбасым!" тақырыбында мектеп кітапханасында ашық тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып -өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі өнеге ету. Тәрбиеленушілерді өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.