Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"1 наурыз - «Алғыс айту күні"
28
февраль
2025
"1 наурыз - «Алғыс айту күні"
"1 наурыз - «Алғыс айту күні" Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде.  Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ
«Математикалық регата»
27
февраль
2025
«Математикалық регата»
№179 ЖББМ  202 5  жылдың 27  ақпан   күні  сағат 12.00-14.00-де   математика пән мұғалімдеріне арналған   «Математикалық регата»  олимпиадасының  мектепішілік  кезеңі өткізілді.              Олимпиаданың мақсаты  – педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетудегі ұмтылысын арттыру.              Мектепішілік кезеңге  мектебіміздегі 9 математика пән мұғалімі testter.kz палтформасындағы біліктілікті тестілеу бойынша математика пәнінен тест тапсырды. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі
«Қыздар сұлу көрінер өнерімен»
27
февраль
2025
«Қыздар сұлу көрінер өнерімен»
 Мектебіміздің "Жас ұлан, жас қыран ұйымының" ұйымдастыруымен «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» тақырыбында 6- сыныптар арасында Қыз сыны байқауы ұйымдастырылды.  Мақсаты : Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
1 -Наурыз "Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс  күні"
25
февраль
2025
1 -Наурыз "Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні"
Алатау ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы 1 -Наурыз  "Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс " күніне орай 25 - Ақпан 2025 жылы авариялық-құтқару  жабдықтарымен танысып, Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындықты арттыру мақсатында Қарасу ықшам ауданында орналасқан № 3 Өрт сөндіру бөлімшесіне бекітілген кестеге сәйкес "Ашық есік" күніне мектебіміздің 10- сынып оқушылары  барып, авариялық-құтқару жұмыстарымен танысып қайтты
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"
24
февраль
2025
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"
"Адал ұрпақ" ұйымының ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты:   “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру
"80 жыл – бейбіт көктем, таң атқалы"
18
февраль
2025
"80 жыл – бейбіт көктем, таң атқалы"
80 жыл – бейбіт көктем таң атқалы 80– жыл – шуақты күн таратты әнін, Талай құс содан бері қайта оралды, Талай бақ әлеміне қайта оранды. Соғыста өлгендер тек оралмайды, Тек ұрпақ айтады әнді олар жайлы. 80 жыл жауыздықтың ажал оғы, Біздің елдің үстінен ұшпағалы. Мектебіміздің 10 сынып оқушылары Панфилов паркіндегі Мәңгілік алауға барып,  гүл-шоқтарын қойып қайтты. 
“Адалдыққа 100 қадам”
13
февраль
2025
“Адалдыққа 100 қадам”
Мектебіміздің *Адал ұрпақ* ұйымы “Әділдік пен адалдық – адам болмысының негізі” деп бекер айтылмаған.  “Адалдыққа 100 қадам” челленджін ұйымдастырды.  Челлендждің мақсаты – өзіміздің әрбір іс-әрекетімізде адалдықты сақтау, әділ болу және қоғамға үлес қосу. Әр қадам – жаңа тәжірибе, жаңа көзқарас. Әрбір адал іс, әрбір дұрыс әрекет болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік береді.
"Қызметкерлермен оқушыларды жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі кезіндегі жаттығу"
12
февраль
2025
"Қызметкерлермен оқушыларды жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспардан тыс, Алатау ауданына қарасты №179 ЖББМ мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2025 жылы 12 ақпан  күні « Қызметкерлермен оқушыларды жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі кезіндегі жаттығу » және  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мектебіміздің  1-11 сынып оқушылары толық қатысты.
«Жасанды интеллект»
08
февраль
2025
«Жасанды интеллект»
«Жасанды интеллект» тақырыбында 08.02.2025 күні мектепішілік семинар өтті Семинардың негізгі мақсаты – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының мүмкіндіктерін талқылау, оларды білім беру, күнделікті өмірде қалай қолдануға болатынын үйрету. Семинар барысында мұғалімдер Gemini, Canva және Google Drive платформаларымен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде үйренді. Оларға мәтін генерациялау, графикалық дизайн жасау және құжаттармен тиімді жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар берілді.
"Жас ұлан" ұйым мүшелері #Кітапсыйла челенджі
07
февраль
2025
"Жас ұлан" ұйым мүшелері #Кітапсыйла челенджі
Мектебіміздің Жас ұлан ұйымының 5- сынып оқитын мүшелері #Кітапсыйлы челенджін жалғастырып, ары қарай өз достарына жолдады.