"19 наурыз – Жаңару күні"
19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты. Осы орайда, көктемгі ағаш егу дәстүрін кеңінен насихаттау, оны қоғамда жаңа саяси мәдениетпен байланыстыру мақсатында мектебіміздің 11 сынып оқушылары мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.