Қарттар күніне орай "Қарты бар үйдің, қазынасы бар" тақырыбында өткен
Мектебімізде қазан айында қарттар күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арыстанова Гүлбаршын 6 "А" сынып оқушыларымен ұйымдастырған, "Қарты бар үйдің, қазынасы бар" атты іс -шара өткізді. Іс -шараға арнайы қонақтар, яғни ата -әжелер шақыртылды. Балалар қарттарға арналған жыр шумақтар оқып, би -билеп, әннен шашу шашты. Іс -шараның соңы келген қонақтар болашақ жеткіншектерге тілектерін айтып, ақ батасын берумен ұласты.