Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
10
январь
2022

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

 


Қайырлы күн құрметті әріптестер! Мемлекетіміз күрделі кезеңді басынан өткеруде. Біздің тәуелсіздігімізге нұсқан келтіруші арандатушылардың жолы кесілді. Елі үшін өмірін қиған бейбіт күннің батырлары, ержүрек азаматтарымыздың иманы саламат болсын! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бүгін – елімізде қаралы күн. Қиын-қыстау кезеңінде барша Қазақстандықтардың рухын жігерлендірген, елімен бірге екендігін өз мәлімдемелерінде баян еткен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл, батыл шешімдеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Баршаңызды президентіміздің төңірегіне топтасуға шақырамын. Бүгінгі Мәжіліс отырысында президентіміздің үндеуін тыңдап, сіздерді бір ауыздан қолдауға шақырамын. Біз Отанымызға қауіп төндірген қасіретті сын сағаттарды басымыздан өткіздік, жүрегіміз сыздады. Осы күндердегі Отансүйгіштік қасиеттеріңізге ризашылығымды білдіре отырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын үлкен жауапкершілікпен орындағандарыңыз үшін сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Сүйікті қаламыз Алматының қайта қалпына келтіру жолындағы еңбектен ешқайсымыз аянып қалмайық. №179 жалпы білім беретін мектеп директоры Иманбекова Шара Талғатқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: