Атымтай азаматтар көп болсын! » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
август
2019

Атымтай азаматтар көп болсын!


     Қайырымдылық – адам баласының  бойындағы асыл қасиеттердің бірі.  Себебі, халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, кіріптарға қайыр беріп, қарттарды аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.Сондықтан да қазіргі таңда мемлекет тарапынан да қайырымдылықты қолдауға көп көңіл бөлініп отыр.Соның бір дәлелі-жыл сайын елімізде жаңа оқу жылының қарсаңында түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып,жас жеткіншектеріміздің мектепке алаңсыз баруына көмек көрсетіліп келеді.

      Биыл да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 4 шілдедегі хатына сәйкес,2019 жылдың 5 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекке балалардың мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге бағытталған  «Жүректен жүрекке!» ұранымен  қайырымдылық акциясы өтуде.Игі істің аясында 89 отбасының 191 мектеп жасындағы балаларына мемлекет тарапынан мектеп формасына 3272000 теңге қаражат бөлініп, көмек көрсетілді.

       Бұндай іс-шараларды өткізуден біздің Алматы қаласы, Алатау ауданы №179 жалпы білім беретін мектеп ұжымы да қалыс қалған емес. Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан қайырымдылық акциясы мектебімізде биыл да өтіп жатыр. Алматы қаласының орталық мешіті мектебіміздің екі оқушысына мектепке қажетті құралдарын алып беріп, өз көмек қолдарын созды. Солардың бірі жеке кәсіпкер Шералиев Сәкен Жеіңбекович және мектебіміздің ұстазы Таубаев Базарбай т.б.көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларымызға қаржылай көмектесіп отыр.

       Жастайынан қайырымдылық пен қолдауды сезініп өскен баланың келешегі де жарқын болмақ.Бұндай игі істер мектебімізде келешекте де жалғасын табатындығы сөзсіз.

 

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: