Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2025

"Шуақ " мектеп жанындағы лагерь

Жазғы лагерь -2025💐
Жаз – жарқын мезгіл. Балалардың демалып, денсаулығын нығайтатын, ата-анасына көмектесетін кезең. Ауыл баласы – қалаға, қала баласы – ауылға ағылады, оқудан босаған оқушылардың кейбірі жазғы демалыс лагерьлеріне баруға таңдау жасайды. Олардың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз.  "Шуақ " жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьдің ашылуына орай «Балғын балалық шақ» шарасы ұйымдастырылып, би билеп, көңілді ойындар ойнатылды.  
☀️ Мақсаты:
«Шуақ» лагеріне келген әрбір баланы жазда сауығып, дұрыс демалуын ұйымдастыру, олардың денсаулығының күшейіп, адамгершілікте дұрыс тәрбие алып, өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасау. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын  тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, адамгершілікке тәрбиелеу, психикасының қалыпты жетілуі, денсаулығын нығайту.
“Шуақ” лагері «Балғын балалық шақ!», деп оқу жылы аяқталысымен жазғы тынығу лагерлеріне асыққан мектеп оқушыларының демалысы мектебімізде жалғасын тапты. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: