№179 жалпы білім беретін мектебінің 2024-2025 оқу жылына өзін-өзі бағалауы
№179 жалпы білім беретін мектебінің 2024-2025 оқу жылына арналған өзіндік талдауы
Оқу жылының оқу үлгерімі және нәтижелері:
Оқу жылының соңында оқушылардың үлгерімінің алдын ала нәтижелері қандай? Өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер бар ма?
«№179 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2024–2025 оқу жылының алдын ала қорытындыларына сәйкес, оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы өткен жылмен салыстырғанда біршама жақсарған.
Жалпы білім сапасы мен үлгерімі:
Білім сапасы: Бастауыш сыныптарда (2–4) – 63%, орта буында (5–9) – 59%, жоғары сыныптарда (10–11) – 59%. Жалпы білім сапасы – 62%. https://portal.kundelik.kz/v2
Үлгерім: Барлық деңгейлерде 100% үлгерім көрсеткіші тіркелген.
Өткен жылмен салыстырғанда негізгі өзгерістер
Білім сапасының өсуі: 2023–2024 оқу жылымен салыстырғанда, білім сапасы орта есеппен 6 % артқан.
Білім сапасының өсуі: 2022–2023 оқу жылымен салыстырғанда, білім сапасы орта есеппен 6 % артқан.
Жалпы алғанда, 2024–2025 оқу жылының қорытындылары оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының артқанын көрсетеді.
Оқушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты:
Мектепте және оның маңайында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл ішінде қандай шаралар атқарылды?
Қауіпсіздік жағдайлары немесе жарақаттар туралы хабарланды ма? Алдағы уақытта олардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданды?
2024-2025 оқу жылында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Көмек» бағдарламасы аясында әр дүйсенбі 1-11 сынып білім алушыларына сынып сағатына қосымша жұмыс жүргізілд.
1.10-12 қыркүйек күндері « 19 қазан –ҚР Құтқарушылар күніне» орай қызықты челлендж түсірді. Сонымен қатар, сүрет көрмесі ұйымдастырылды.
25.10.2024ж. «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларына құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өтті.
20.09.2024 ж күні «Менің сыныбым буллингке қарсы» тақырыбында флешмоб түсірілді.
Оқушылардың өмір қауіпсіздігін басты назарда ұстау мақсатында сынып жетекшілер үнемі отырыс өткізеді. Әлеуметтік желілердің бала өмірі үшін қауіптілігінің алдын-алу жұмысы нақтыланды.
23.12.2024 ж күні «Жұқа мұз» тақырыбында Алматы қаласы, төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен, “Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті” ұранымен, Азаматтық қорғау саласының желтоқсан айындағы, “Абайлаңыз, қар көшкіні!” тақырыбында қауіпсіздік сағаттары өткізілді
15.02.2025ж.күні “Құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенант Бейбіт Нұржан Бейбітұлы 8-11 сынып оқушыларына түсіндірмелі жұмыстар жүргізді.
18. 03.03.2025 күні Алатау ауданы Ішкі Істер бөлім АП қызметкерлері аға лейтинант Н.Бейбіт, Е.Ахмадиев 1-6 сынып білім алушыларына жаяу жүргіншілер ережесі жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді.
24.04.03.2025ж көктемнің басталуымен мопед жүргізуші балалардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізді.
2024-2025 оқу жылында қауіпсіздіқ жағдайлары немесе жарақат алған оқушылар болған жоқ.
Мектеп жағдайында қорлаудың және басқа да зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары қалай жүргізілді?
Мектептегі психологиялық ахуал қандай? Студенттер мен мұғалімдердің эмоционалдық көңіл-күй деңгейін қалай бағалайсыз?
Өмірлік қиын жағдайға тап болған студенттерге қандай қолдау шаралары көрсетілді?
Жоспар бойынша қыркүйек айының төртінші аптасында оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 7 – 8 сыныптар аралығында сауалнама жүргізілді. Сауалнама оқушының әлеуметтік желіде яғни киббербулингтік іс-әрекет орын алып жатуы мүмкін деген мақсатты алға тартып сауалнама жүргізілді. Әдістемеге 7 – 8 сынып оқушылары қатысты. Барлық қатысқан оқушы саны: 251 оқушы.
Қазан айында оқушылар арасындағы буллигтік іс –әрекеттің алдын алу және де әлімжеттік барысын бақылау мақсатында 8 – 10 сынып оқушыларына «Өзіңе деген сенімділікті нығайту», «Агрессивті мінез-құлықтың алдын алу», «Мақсат қою ережесі» атты жаднамасы таратылды.
Ұсыныс: Сынып жетекшілерге алдағы уақытта сыныпішілік ұлдар және қыздар жиналысындағы күн тәртібіне мектеп психологтарын қосуды ұсынылды.
Қорытынды: Алдағы уақытта мектеп психологінің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу барысында жасалынған жоспар өз негізінде жүргізіледі
Жоспар негізінде қазан айында мектеп бітіруші түлектермен танысу, жаңадан келген оқушылармен жеке танысу кеңес беру мақсатында сынып жетекшілерден сынып туралы мәлімет және сыныптың тізімі алынды. Сынып жетекшілермен алдағы уақытта оқушымен жеке психологиялық жұмыс жүргізілетіндігі жайында айтылды. Сынып жетекшілерге сыныпішілік ата-аналар жиналысын ұйымдастыру барысында да күн тәртібіне қоюды ұсынылды.
Жоспар бойынша бірінші тоқсан аяғында өткен педагогикалық кеңесте мектептегі ұжымға оқушылар арасында немесе оқушымен қарым-қатынаста орын алатын буллингтік іс-әрекет туралы мәлімет жасауға сұраныс жасалынды. Педагогикалық кеңесте ұжымға осы бағытта кеңінен мәлімдеме берілді. Мәліметтерге қызқаша тоқталатын болсақ.
Физиологиялық зорлық-зомбылық болғанынан сезіктену жағдайындағы баланың жасына тәуелді оның жүріс тұрысы және жүйке жағдайының ерекшеліктері:зақым алу және зиян келу себептерін жасыруға ұмтылысы, жалғыздық, достарының болмауы,мектепке бару қорқынышы;
Жасөспірім шағы.Аутодеструктивті мінез-құлыққа ұмтылыс, делинквентті жүріс тұрыс,дағдарыс, қайғы, үмітсіздік, шарасыздық, тежеушілік салдарынан туындаңы мүмкін жағдаяттарды да ашып айтылды. Сонымен қатар буллингтің түрлері қандай, оның негізігі ерекшеліктері қандай барлығын атап ақпарат берілді.
Ұсыныс: Сынып жетекшілерге сыныпта болған буллингтік іс-әрекет барысында ұйымдастырылған жиналыс күн тәртібіне мектеп психологін тартуды ұсынылды.
Қорытынды: Алдағы уақытта буллингтік іс-әрекеттің алдын алу жұмыстары жоспар негізінде қамтылады.
Материальды-техникалық қамтамасыз ету және ресурстар:
Мектептің материалдық-техникалық базасының жағдайын қалай бағалайсыз? Жабдықты жаңарту немесе толықтыру үшін қандай қажеттіліктер бар?
Оқу жылында бөлінген бюджет қаражаты қаншалықты тиімді игерілді?
Мектептің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту бойынша сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз бар ма?
1. Ғимараттың түрі, салынған жылы, пайдалануға беру. ҰБДҚ-мен салыстыру- №179 жалпы білім беретін «Коммуналдық мемлекеттік мекемесі», 2012ж салынып 2013ж пайдалануға берілді.
2. Тапсырма түрі, техникалық жағдайы, түпкілікті күрделі жөндеу. ҰБДҚ-мен салыстыру- типтік түр, орташа, түпкілікті күрделі жөңдеу жүргізілмеді.
3. Жобалық қуаты, орны (тапшылығы, профициті), үш ауысымды оқыту. ҰБДҚ-мен салыстыру- Жобалық қуаты 1200 орындық, үш аусымды.
4. Әрбір ғимаратқа (оқу корпусына) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының, сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесінің болуы – қорытынды бар.
5. Білім беру объектілерінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің ДСМ-№ 76 (4-тарау) бұйрығын орындау- орындалды
1. Ғимаратқа кіру пандустарының, екі жақты тұтқаның болуы. ҰБДҚ-мен салыстыру- пандустар бар
2. Мектепке кіру белгісін орнату- кіру белгісі орнатылған
3. Үй-жайда қозғалыс белгілері (бедерлі (тактильді) жолақтардың болуы)- бедерлі жолақтар төселген
4. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, санитарлық тораптардың есіктерін ұлғайту-бар ұлғайтылған
5. Раковинаның, дәретхананың жанында мүгедектер арбасына арналған аймақтың болуы-арнайы аймақ бар
6. Телекоммуникациялық және ақпараттық құралдардың болуы- бар, орнатылған
1. edu.kz саласында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы- 179mektep_
2. Ресми Интернет-ресурсты жүргізу - NLS Kazakstan
3. Интернет жылдамдығы (оқу сыныптарындағы жергілікті желі)- 100мб/сек
4. Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптарды жарақтандыру (интерактивті панельдер, ноутбуктер, компьютерлер және т.б.) – барлығы жабдықталған
5. Қазіргі заманғы робототехника мектебінің, STEM кабинеттерін ашу (оларды пайдалану)- Робототехника кабинеті ашылды.
Оқу кабинеттері
1. Зертханалық бөлмесі бар физика кабинеті, № 70 бұйрыққа сәйкес демонстрациялық жиынтықтармен, аспаптармен және керек-жарақтармен жарақтандыру- зертханалар жаңа аспаптармен,жиынтықтармен жабдықталды.
2. № 70 бұйрыққа сәйкес практикаға арналған керек-жарақтармен жабдықталған зертханалық бөлмесі бар биология кабинеті- зертханалар жаңа аспаптармен, жиынтықтармен жабдықталды.
3. Зертханалық бөлмесі бар химия кабинеті, № 70 бұйрыққа сәйкес практикаға арналған аспаптармен және керек-жарақтармен жарақтандыру- зертханалар жаңа аспаптармен, жиынтықтармен жабдықталды.
4. Ұлдар мен қыздарға арналған шеберханалар- бар
5. Бастауыш сынып оқушыларында жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы- әр кабинетте жеке шкафтары бар
6. Паспорттардың болуы –барлық кабинеттерде бар
Оқу корпустарын спорт залымен жарақтандыру
1. Әдеттегі, бейімделген спорт залы - бар
2. Спорт залдарының жанындағы киім ауыстыратын бөлмелер-бар
3. Спорт құралдарының (құралдың) ҚР Денсаулық сақтау министрі ДСМ - № 76 бұйрығының талаптарына сәйкестігі – талапқа сай
Асхананың болуы
1.Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі-бар тіркелген
2. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт-жасалған бар
3. Құжаттаманың жай-күйі (өнімге, сертификаттарға және т. б.)-бар
Медициналық кабинет
1. Медициналық қызметке лицензияның немесе балаларға құқықтық медициналық қызмет көрсетумен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы- келісім шарт бар
2. Медициналық қызмет көрсету сапасы- жақсы
3. Құжаттаманы жүргізу жағдайы-жақсы
5. Оқушылардың диспансерлік есебінің жай-күйіне мониторинг жүргізу- жүргізіліп жатыр
Ауыз су режимін ұйымдастыру
1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитарлық қағидаларды орындау-орындалып жатыр
2. Мектепте болған барлық уақыт ішінде білім алушылардың ауыз суға еркін қол жеткізуі- диспенцерлермен және ауыз су фонтандары қойылған.
Санитарлық нормаларға сәйкес келетін санитарлық тораптардың болуы
1. Санитарлық тораптарда балаларға қолайлы жағдай жасау- талаптарға сай жағдай жасалған, керекті заттармен қамтылған.
2. Дәретханалар, қолжуғыштар, раковиналардың Денсаулық сақтау министрінің № ДСМ- 76 бұйрық талаптарына сәйкес келуі -барлығы талапқа сай жасалған.
3. Санитарлық тораптардың кабиналарына қойылатын талаптарды орындау-талапқа сай.
4. Гигиеналық құралдардың болуы -жеткілікті мөлшерде қамтылған
Келесі оқу жылына жоспар құру!
Келесі оқу жылында мектеп алдында қандай негізгі міндеттер мен басымдықтарды көресіз?
Білім беру бағдарламаларына немесе оқу үдерісін ұйымдастыруға қандай өзгерістер енгізу жоспарлануда?
Мақсатына жету үшін мектепке қандай қосымша қолдау немесе ресурстар қажет болуы мүмкін?
Жалпы сұрақтар және тәжірибе алмасу:
Өткен оқу жылындағы мектептің ең елеулі жетістіктері қандай?
Жыл ішінде мектеп қандай қиындықтарға тап болды? Оларды қалай жеңді?
Мектеп директорларының жиналыста талқылайтын сұрақтары немесе ұсыныстары бар ма?
Мектептер жыл ішінде жүзеге асырылған озық тәжірибелер мен табысты бастамаларды ұсынуға дайын ба?
Білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін қалай бағалайсыз?
№179 жалпы білім беретін мектептегі білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін бағалау. №179 жалпы білім беретін мектебі Алматы қаласында орналасқан және білім беру сапасын арттыруға бағытталған мектеп жобасы арқылы білім сапасын жақсарту тақырыбында әр түрлі жобалары мен іс-шараларды жүзеге асырады. Мектептің ресми сайтында оқу жетістіктері туралы нақты мәліметтер бар. Білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін бағалау үшін келесі аспектілерге назар аударуға болады:
1. Бағалау жүйесі
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті (ФБ) және жиынтық бағалау (ЖБ) түрлерімен жүзеге асырылады. Формативті бағалау оқу процесінде оқушылардың үлгерімін бақылауға бағытталған, ал жиынтық бағалау бөлімдер мен тоқсандардың соңында оқушылардың білімін бағалайды. Бұл жүйе оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Мектепте оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін бағалау үшін
Бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ): Оқу бөлімдері аяқталғаннан кейін өткізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ): Әр тоқсанның соңында жүргізіледі.
Қорытынды аттестаттау: Оқу жылының соңында оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі. Бұл бағалау түрлері оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі мен білім нәтижесін анықтауға көмектеседі.
2. Қосымша жобалар мен іс-шаралар
№179 жалпы білім беретін мектебі оқушылардың білімін тереңдету және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі жобалар мен іс-шараларды ұйымдастырады. Мәселен, білім беру сапасын басқаруды жақсарту бағытында «Озат тәжірибе – ортақ нәтиже», «Робототехника жобасы», тәрбие жұмысы мен қосымша білім беруді жақсарту бағытында «Оқуға құштар мектеп», «Эко-мектеп», «Қалдыққа екінші өмір сыйла», «Көңілді үзіліс» жобалары аясында көптеген іс-шаралар өткізіледі. Бұл жобалар оқушылардың оқу бағдарламаларын тереңірек меңгеруіне ықпал етті.
Қорыта келе, №179 жалпы білім беретін мектепте білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін бағалау жүйесі Қазақстан Республикасының білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Мектептің оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін нақты бағалау үшін мектеп әкімшілігімен немесе сынып жетекшілерімен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.
Жыл ішінде білім сапасын арттыру, қиын жағдайда жүрген оқушыларды қолдау мақсатында қандай шаралар атқарылды? Олар қаншалықты тиімді болды?
«Озық тәжірибе көпке ортақ» жобасы арқылы білім сапасын жақсартуға ықпал жасалды.
Оқушының жеке қасиеттерін қалыптастырудың тиімділігі білім беру ұйымының бәсекеге қабілеттілігін анықтайды: еңбек нарығына сәйкес келетін білім сапасын ұсыну арқылы білім беру қызметі нарығына ұмтылуға жол ашты.
Оқу мен оқыту үдерісін тиімді жоспарлау, алгоритмін жасау, траекториясын айқындау арқылы нәтижеге қол жеткізуге ықпалы болды.
Педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу. Оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етті.
Оқудағы алшақтықты жойып, оқытуда бәскелестік ортаны қалыптастырып, тәжірибелі және жас мамандардың еңбегін ынталандыру арқылы басқару жүйесін модернизациялау арқылы нәтижеге жетті.
Ынталандыру фокусы (ұсынылған стратегия мұғалімдерді іс-әрекетке сендіре алды) іске қосылды.
Нәтиже арқылы әлеуетті дамыттық. Жұмыстың тиімділігін арттыруда білім мен құзіреттілікті, ресурстар мен қолайлы ортаны құру арқылы әрекеттің өнімділігін көрдік.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерінің динамикасы қандай (егер осы кезеңде қолданылады)?
Оқу жылы | 11-сынып | 9-сынып | |||
Барлық оқушы саны | «Алтын белгі» | Үздік аттестат | Барлық оқушы саны | Үздік аттестат | |
2022-2023 | 57 | 0 | 3 | 155 | 5 |
2023-2024 | 54 | 0 | 5 | 156 | 4 |
2024-2025 | 77 | 0 | 7 | 135 | 10 |
Келесі жылға жұмысты жоспарлау үшін оқу жылының нәтижелерін талдау негізінде қандай қорытынды жасауға болады?
№179 жалпы білім беретін мектеп бойынша 2024–2025 оқу жылының нәтижелері негізінде келесі жылға жұмысты жоспарлауға арналған СВОД (SWOT) талдауы:
Күшті жақтар (S – Strengths) | Әлсіз жақтар (W – Weaknesses) |
Білім сапасының артуы: бастауыш пен орта буында жоғары көрсеткіштер (62%+). «Оқуға құштар мектеп» жобасының табысты іске асуы – оқу мәдениетін дамытуға ықпал етті. Материалдық-техникалық база нығайған: химия, биология, физика, работотехника оқу кабинеттері Психологиялық және құқықтық қолдау жүйесі – әлеуметтік осал оқушыларға бағытталған жұмыс жүргізілді. Цифрлық ресурстарды қолдану артуда – интернет сапасының жақсаруы оқыту процесін қолдады. | Жоғары сыныптардағы білім сапасы төмендеу (59%) – ЖОО-ға дайындық деңгейі орташа. Қиын оқушылармен жұмыс нәтижелерінің тиімділігі нақты көрсеткіштермен негізделмеген. Пән мұғалімдерінің цифрлық құралдарды қолдану дағдылары әртүрлі деңгейде. Критериалды бағалау сапасы мен объективтілігін арттыру қажеттігі байқалады. Оқу мотивациясын арттыру және ҰБТ-ға мақсатты дайындық жұмыстарын күшейту қажет. |
Мүмкіндіктер (O – Opportunities) | Қауіптер (T – Threats) |
Онлайн білім беру платформаларын кеңінен енгізу (мысалы, iTest, BilimLand). Зерттеу, олимпиадалық және жобалық жұмыстарды белсенді жүргізу арқылы дарынды оқушыларды қолдау. Ата-аналармен тығыз ынтымақтастық пен менторлық бағдарламаларды дамыту. Мектепішілік бақылау мен өзін-өзі бағалау механизмдерін жетілдіру. Оқу мотивациясын арттыратын жобаларды кеңейту. | Әлеуметтік теңсіздік пен білім беру нәтижелеріндегі алшақтық. Мотивациясы төмен оқушылар санының өсуі – пәндерге қызығушылықтың жоғалуы. Инфрақұрылым мен ресурстардың жетіспеушілігі (кейбір пәндер бойынша). Білім мазмұнына енгізілетін жиі реформалар мен бағдарламалық өзгерістерге бейімделу қиындықтары. |
Жан-жақты зерделеніп жасалған СВОД-талдауы келесі оқу жылына арналған нақты стратегиялық жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Мақсат – анықталған күшті жақтарды сақтау, әлсіз тұстарды жоюға бағытталған нақты қадамдар жасау, жаңа мүмкіндіктерді пайдалану және қауіптердің алдын алу жүйесін қалыптастыру.
Оқу жылының нәтижелерін талдау негізінде келесі жылға арналған жұмыс жоспарлау қорытындылары:
1. Білім сапасын талдау негізіндегі қорытынды
Оқу жетістіктері оң бағытта: Бастауыш пен орта буында білім сапасының 63% деңгейден жоғары болуы оқыту әдістерінің нәтижелі екенін көрсетеді.
Жоғары сыныптарда білім сапасын арттыру қажет: 10–11 сыныптарда білім сапасы 61% шамасында, бұл — ЖОО-ға дайындық сапасын арттыру үшін қосымша қолдау қажет дегенді білдіреді.
Қорытынды:
Пәндік тереңдету, оқу мотивациясын арттыру және ҰБТ-ға мақсатты дайындық жұмыстарын күшейту қажет.
1. Оқу жылын аяқтауға дайындық (9 және 11 сыныптар): мемлекеттік қорытынды
Емтихан баллдарының дайындығын талдау (ЖҚҚ).
Қауіпсіздікті және емтихан процедураларының сақталуын қамтамасыз ету.
ЖИА қатысушылары мен олардың ата-аналарын ережелер мен процедуралар туралы хабардар ету.
Апелляцияға және қайта қарауға қатысты мәселелерді талқылау.
1. Оқу жылын аяқтауға дайындық (9 және 11 сыныптар): мемлекеттік қорытынды
Емтихан баллдарының дайындығын талдау (ЖҚҚ). | 5-8,10-сыныптарда емтихан 2025 жылдың мамыр айына 26-28 аралығына жоспарланған. Емтихан күндері нақты белгіленіп, бекітілген. Мектеп әкімшілігі тарапынан сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне, ата-аналар мен оқушыларға хабарланған, нұсқаулықтары таныстырылған. Емтихан материалдары бірлестікте талқыланып, әзірленді. Тапсырмалар оқушылардың мүмкіншіліктері (ЕББҚ) мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып құрастылды. Мөрленіп, мектеп директоры кабинеті қорында сақтауға жіберілді. Дайындық үшін қосымша сабақ кестесі құрылып, жоспарлы жұмыс жүзеге асырылып отыр. Қосымша сабақтардың жүргізілуі ҚБП педагогінің бақылауында. Емтихан бұрыштары әзірленген. Мектепте арнайы жоспарға сәйкес дайындық жұмыстары ұйымдастырылып келеді. |
Қауіпсіздікті және емтихан процедураларының сақталуын қамтамасыз ету. ЖИА қатысушылары мен олардың ата-аналарын ережелер мен процедуралар туралы хабардар ету. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) талаптарына сәйкес іске асырылады. Әлеуметік желі арқылы хабарлама берілген. |
Апелляцияға және қайта қарауға қатысты мәселелерді талқылау. | Апелляция беру тәртібі түсіндірілді. Оқушы өзінің білім нәтижесімен келіспеген жағдайда белгіленген уақыт аралығында апелляцияға өтініш бере алады. Қайта тапсыру мүмкіндіктері – белгілі бір себептермен емтиханға қатыса алмаған немесе қанағаттанарлықсыз баға алған оқушылар үшін қосымша күндер белгіленеді. |
Оқу бағдарламаларын аяқтау және оқушыларды келесі сыныптарға ауыстыру:
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын бақылау | 2024–2025 оқу жылы барысында №179 жалпы білім беретін мектепте оқу жоспарлары мен пәндік бағдарламалардың орындалуын бақылау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бұл шаралар Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖББС), мектептің оқу жоспарына және пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына (КТЖ) сәйкес білім беру процесінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге бағытталды. Нәтижелері: Барлық пәндер мен сыныптар бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінен толық көлемде орындалды; Мұғалімдердің көпшілігі оқу процесін жүйелі, сапалы жүргізген; 1–11 сыныптар арасында оқу жүктемесінің орындалу көрсеткіші – 98–100%; Құжаттарды жүргізуде ұсақ техникалық кемшіліктер анықталып, олар бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді; Оқушылардың оқу жетістіктері тоқсандық және жылдық бақылау жұмыстары, мониторингтер арқылы жүйелі бағаланып отырды. |
Аралық аттестацияны өткізу тәртібі. | Қазақ тілі пәнінен емтихан өткізудің мақсаты — оқушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау және олардың тілдік дағдыларының сапасын анықтау. Емтихан мектептің оқу жоспарына сәйкес, оқу жылының соңында өткізіледі. Мамыр айының 26-28 аралығында: 26 мамырда 5,6 сыныптарға, 27 мамырда7,8 сыныптарға , 28 мамырда 10 сыныптарға болады. Емтиханның нақты күні мен уақыты мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілген. Емтихан кестелері емтихан бұрышында жарияланған. Емтихан оқушылардың жазбаша, ауызша және қосымша тапсырмалар орындау арқылы жүргізіледі. Бұл емтихан оқушылардың тіл үйренудегі барлық дағдыларын (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) тексеруге бағытталған. |
Қорытынды қоңыраулар мен бітіру кештерін ұйымдастыру:
Іс-шаралардың күндері мен форматтарын үйлестіру.
Оқиғалар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Оқиғалардың мазмұны бойынша ұсыныстар.
2024-2025 оқу жылының 23 мамырда аяқталуына байланысты «Білімім – Отаныма!» атты сынып сағатын ұйымдастыру.
«Адал азамат» бағдарламасына негізделген құндылықтар аясында эссе байқауын өткізу.
3. 11-сынып түлектеріүшін салтанатты жиынды ұйымдастыру ( 24 мамырда).
4. Қауіпсіздік шараларын сақтау, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру бойынша ақпарат беру.
5. Министрліктің ескертуі бойынша тиым салынатын әрекеттермен (қаражат жинау, аниматор шақыру, шерулер ұйымдастыру, сыйлықтар жинау) таныстырып, түсіндіру жұмысын жүргізу.
Мектеп бітіруші 11-сынып ата-аналарының мектепішілік жиналысы өтті. Жиналыс шешімі 11- сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау емтихандарына дайындық жұмыстары жүргізіліп, қосымша сабақтар ұйымдастырылсын.
Мектеп директорының оқу жылының аяқталуы туралы бұйрығы жүзеге асырылсын.
Педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас- жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында:
- ата-аналардан қаражат жинауға,
- аниматорлар, агенттіктер мен жеке студияларды тартуға,
- көлік жалдап, шерулер ұйымдастыруға,
- мектепке дейін білім беру ұйымдарының түлектері үшін салтанатты шаралар өткізуге жол берілмесін. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға қатаң тыйым салынсын. Білім беру ұйымдарында аталған өрескелдіктер орын алған жағдайда заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылатыны ескертілсін.
Жазғы сауықтыру науқанына дайындық:
Жазғы мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысын және жазғы маусымның басқа формаларын жоспарлау
демалыс.
Жазғы лагерьлердегі қауіпсіздік және тамақтандыру мәселелері.
Балалардың жазғы демалысы мәселелері бойынша басқа бөлімшелермен өзара әрекеттесу.
2024-2025 оқу жылындағы мектепішілік жазғы лагердің ұйымдастырылуы
«Алматы қаласы білім беру ұйымдарында жазғы каникул кезеңінде оқушылардың бос уақыты мен демалысын қамтамасыз ету туралы»
хаты негізінде мектеп жанындағы «Балауса» лагері ұйымдастырылып отыр.
Мектеп жанындағы лагерьдің мақсаты мен міндеттері
1) Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің жазғы бос уақытының қамтылуын және демалысын қамтамасыз ету
Міндеттері:
Оқушылардың салауатты және пайдалы бос уақытына жағдай жасау.
Балалардың шығармашылық және физикалық қабілеттерін дамыту.
Экскурсиялар,саяхаттар жұмыстарын жүргізу арқылы балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Мақсаты:
Балалардың бос уақытын тиімді, дұрыс пайдалануын ұйымдастыру;
Күн тәртібінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;
Баланың уақытылы, дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету;
Қаламыздың көрікті жерлері мен мәдениет орындарына саяхат жасау, мәдениетімізбен таныстыру;
Интеллектуалды ойындар ұйымдастыру арқылы ортаға қалыптастырып, өз ойларын ашық айта білуге баулу;
Түрлі конкурстар ұйымдастырып, логикалық ойлаулары мен тілдерін дамыту;
Су профилактикасы, бассейнге түсіру арқылы шынықтыру.
26.05.-09.06.2025 жыл аралығында, уақыты 9.00-14.00 аралығында 1-4 сынып оқушыларынан
құрылған 10 топтан тұратын (250 бала) мектеп жанындағы демалыс лагері ұйымдастырылады.
Жазғы лагердегі топтардағы оқушылар кесте бойынша тегін тамақпен тамақтанады.
2. Оқу-тәрбие процесінің өзекті мәселелері:
Білім сапасын бақылау:
Ағымдағы сынақтар мен білім бөлімдерінің нәтижелерін талдау.
Оқыту сапасын арттыру шараларын талқылау. Инклюзивті білім беру мәселелерін қарастыру.
2. Оқу-тәрбие процесінің өзекті мәселелері:
Білім сапасын бақылау | |
Ағымдағы сынақтар мен білім бөлімдерінің нәтижелерін талдау | Ағымдағы сынақтар мен білім бөлімдерінің нәтижелерін талдау — білім сапасын басқарудың маңызды бөлігі. Бұл үдеріс оқу үдерісінің тиімділігін бағалауға, оқу бағдарламаларының орындалуын тексеруге және оқушылардың білім деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. Талдау нәтижелері оқу орындарында қажетті түзетулер енгізуге және оқу сапасын арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға негіз болады. Бұл үдеріс оқушылардың білім сапасын үздіксіз бақылап, оны жақсартуға мүмкіндік береді. |
Оқыту сапасын арттыру шараларын талқылау. Инклюзивті білім беру мәселелерін қарастыру. | Оқыту сапасын арттыру мен инклюзивті білім беру — білім жүйесінің негізгі бағыттары. Оқыту сапасын арттыру мұғалімдер мен оқушылардың тығыз ынтымақтастығын талап етеді, ал инклюзивті білім беру әрбір оқушының ерекше қажеттіліктерін ескеріп, тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Бұл екі мәселеге мән беру мектептерде білім алу процесінің тиімділігін және барлық балалардың толық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. |
Тәрбие жұмысы және құқық бұзушылықтың алдын алу:
Жүргізілетін оқу іс-әрекетінің тиімділігін талдау және
алдын алу.
Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау.
Қорқыту және кибербуллинг жағдайларын қарастыру және оларды жою шаралары
алдын алу.
Тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында іске асырылды. Адами құндылықтарға негізделген біртұтас тәрбие бағдарламасы үш құндылық бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылды. Ұлттық мұраға ұқыпты қарау, қоғам игілігі үшін қызмет ету, ұлттық мәдениетті дәріптеу, адал еңбекті құрметтеу, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор ету, мейірімдік таныту сыни және креативті ойлау, командамен жұмыс істеу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау біртұтас тәрбие бағдарламасының басты қағидаты болып келді.
Білім беру мазмұны арқылы құндылықтарды дарыту процесі күтілетін нәтиже, үлгілік оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаты, оқулық, оқу әрекетін ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстар мен сынып сағаттары болып табылатыны анық. "Біртұтас тәрбие бағдарламасына әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы құндылықтарды енгізу толықтырылды. Жобалар – бұл білім беру мен қоғамның әртүрлі аспектілерін жақсартуға, білім алушыларды, ата-аналарды, педагогтерді профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруда жайлы білім беру ортасын құру болып табылады. Сонымен қатар сынып жетекшілер отырысы өткізіліп отырды. Отырыста білім алушыларлдың тәртібі, сабаққа келуі, мектеп формасының сақталуы, мектептің ішкі тәртібінің орындалуы жайында үнемі айтылды. Оқушылардың әлеуметтік жағдайын білу мақсатында қорғаншылықтағы және көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі және құжаттарының талапқа сай болуы бақылауға алынды. Мұғалімдердің, психологтардың, мектеп инспекторының оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас орнату бойынша бірлескен жүйелі жұмысы жолға қойылған. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша педагогикалық ұжымның, оқушылардың алаңдаушылық деңгейін айқындау бойынша бірнеше жұмыстар атқарылды. Психологтар мен сынып жетекшісі тарапынан оқушыларға бақылау дәптері ашылып, сынып жетекшісімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог бірлесе отырып, отбасына зерттеу актісі толтырылды және жеке мінездеме жазылды. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектормен бірлесе отырып әңгімелер жүргізіп, хаттамалары тіркелген. Жасөспірімдер көп баратын көпшілік орындарға рейд жұмыстарын ұйымдастырылып өткізілді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісін жүргізіліп, атында мүлкі бар немесе жоқтығын, оның сақталуын анықталды. Сынып жетекшілер жұмыс жоспары құрылымына, мазмұнына, ресімделуіне, қабылдау және бекіту тәртібіне, күнтізбелік және тақырыптық жоспарлауды дайындауға қойылатын талаптарды сақтайды.
Мектеп сайттарында орналастырылған ақпарат қолданушыларға қажетті материалдармен толтырылды. Сынып жетекшілердің жұмысын саралау мен диагностикалау бойынша зерделеуді, шығармашылық топ құру, жобамен жұмыс, жұмыс семинарларын, сынып жетекшілердің әдістемелік құжаттарын сараланып анализжасалды.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында мектепте Алатау аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювиналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны И.М.Дарикуловпен бірлескен жұмыс жоспары жасалды. Жұмыс жоспары бойынша әр аптаның жұма күндері штаб жиналысы өткізіледі. Штабта қаралатын мәселелер, оқушылардың сабаққа қатысуы, себепсіз сабақтан қалмауы, мектеп формасының сақталуы, сабақ үлгерімдері, оқушылардың жеке бас тазалығы, кешкісін көшеде жүрмеуі және әртүрлі мәселелер қаралады
Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, зорлық- зомбылық, буллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу бойынша мектепішілік жоспар негізінде 10-11 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама алынды.
Мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіліп, оқушыларға «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғау, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Сонымен қатар мектеп оқушыларына балалардың құқықтарын қорғау мақсатында «102» арнасы және сенім телефоны жазылған үн парақтар таратылды.
«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» және қылмыстың, буллинг, кибербуллингтің, бопсалаудың алдын алу мақсатында «Балалар –бақыт, көп балалар –көп уақыт» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу сағаты ұйымдастырылды.
2024-2025 оқу жылының басында мектепте оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Сенім бұрышы» (QR) жұмыстары ұйымдастырылды. Мектептің 1- қабатындағы көрнекті жерге ілінді. Мектеп психологтары, ДТІЖО тарапынан «Сенім бұрышы» туралы оқушылар мен ата-аналарға және мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Сенім бұрышы» бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға бұйрық шығарылды. «Сенім бұрышы» бойынша мектепішілік комиссия мүшелері тағайындалды.
Мектебімізде қыркүйек айында 8-10 сынып оқушылар арасында
«Біздің мектеп буллингке қарсы» флешмобы ұйымдастырылды!
Мақсаты — оқушылар арасында құрмет, түсіністік және достық қарым-қатынасты қалыптастыру, буллингтің кез келген түрін алдын алу және оған қарсы күресу, балаларды өз құқықтарын қорғауға және әлеуметтік мәселелерде жауапкершілік танытуға үйрету. 2024 жылдың қыркүйек айында мектебімізде балалардың қауіпсіздігі мәселелерін талқылау үшін Алатау аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювиналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Дарикулов Истай Маханбетұлының қатысуымен «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Алатау аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювиналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны И.М.Дарикулов ата-аналарға кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстық іс-әректтер және оның өтелетін жазалары туралы мағлұмат берді. Мектебімізде мектеп инспекторы мен ДТІЖО орынбасарларының «Құқықбұзушылықтың алдын алу» бойынша түзілген жылдық жоспары негізінде қыркүйек , қазан айларында 8-11 сынып ұл балалар арасында “Құқық бұзушылықты болдырмау” мақсатында “Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз” тақырыбында жиналыстар өткізілді. Ұлдар арасында бопсалау, күш көрсету , сабақтан кешігу, мәселелері қаралды. Жиналыста мектеп инспекторы Бейбіт Нұржан Бейбітұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Қараша айында 8-11 сынып білім алушыларына “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында ДТІЖО мен мекеп психологтары Д.Умбетова,Ұ.Жұмахмет бірлескен дәрістер өткізілді. Мақсаты: Оқушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмау нашақорлық және электрондық темекілерден аулақ болуға үйрету.Сонымен қатар әр аптаның дүйсенбі күндері сынып сағаттарында ДТІЖО мен мектеп инспекторы Н.Бейбіт сыныптарды аралып, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
Қол жеткізуді бақылау және бейнебақылау жүйелерінің жағдайын талдау.
Студенттер мен қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізу.
Ішкі істер органдарымен және басқа қызметтермен өзара әрекеттесу
қауіпсіздік.
1. Бейнекамералардың жалпы саны (ішкі, сыртқы). ҰБДҚ-мен салыстыру- жалпы 58 камера саны (сыртқы -18, ішкі-40)
2. Жұмыс істемейтін камералардың болуы-бар саны -15
3. Ұйымға іргелес аумақтың периметрі, негізгі және қосалқы кіреберіс есіктері, адамдар көп жиналатын орындарда бейнебақылаудың болуы- орнатылған
4. Ақпаратты сақтау мерзімі. № 32 және № 49 бұйрықтарға сәйкес білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнекамералардың болуы- сақтау мерзімі 30 күн, бар.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі- бар тіркелген
2. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің нормаларын орындау- орындалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру
1. Ескерту жүйесінің, турникеттің, дабыл түймесінің, мамандандырылған күзеттің болуы. ҰБДҚ-мен салыстыру-Турникет орнатылды саны -7, хабарлау жүйесі, дабыл түймесі бар, күзет ТОО «БАСТИОН-НП»
2. Әр объектіде өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібінің болуы және орындалуы- ұйымдастырылған
3. Көлік құралдарының жылдамдықты төмендету құралдарымен жарақтандырылуы
ҰБДҚ-мен салыстыру-бар, қойылған
Еңбекті, қауіпсіздікті және ТЖ қорғауды ұйымдастыру (табиғи апаттар кезінде қорғау)
1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жөніндегі заңын орындау- орындалып жатыр
2. АҚ бойынша құжаттар пакеті (күнтізбелік жоспар, міндеттерді бөлу, бөлімшелердің жоспарлары, жаттығулар өткізу, оларды өткізу туралы хабарламалар, анықтамалар және т. АҚ бастығы-директор
АҚ штабының бастығы-директордың оқу ісі жөніндегі бірінші орынбасары.
3. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі лауазымдық нұсқаулықтар- -бар
4. ЕҚ және ТҚ бойынша жұмыс жоспары-бар
5. ЕҚ және ТҚ бойынша құжаттар пакеті-бар
6. Нұсқамалар, нұсқамалар жүргізуді есепке алу кітаптары-бар
Білім беруді цифрландыру:
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды талқылау
оқу үрдісіндегі технологиялар.
Техникалық қамтамасыз ету және мұғалімдерді даярлау мәселелерін қарастыру.
Электрондық білім беру ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.
4. Білім беруді цифрландыру:
Интернет сапасының жақсаруы — оң динамика. Химия, биология, физика кабинеті сынды инфрақұрылымның дамуы пәнге қызығушылықты арттырған.
Қорытынды:
Барлық пәндер бойынша цифрлық ресурстарды қолдану дағдысын қалыптастыру, материалдық-техникалық базаны тең дәрежеде жаңғырту қажет.
Жалпы қорытынды:
Келесі оқу жылына арналған стратегиялық бағыттар:
Жоғары сыныптарда пәндік дайындықты күшейту.
Цифрлық білім беру ресурстарын жүйелі пайдалану.
Кадрлық мәселелер:
Жалпы мектепте 116 мұғалім жұмыс атқарады. Оның ішінде 1 мұғалім-қоса атқарушы. 2022-2023 оқу жылындағы 118 мұғалімнің 111-нІң білімі жоғары, 7 мұғалім арнайы орта білім, 2023-2024 оқу жылында 110 мұғалімнің білімі жоғары болса, 6 мұғалім арнайы орта білімді көрсетіп отыр, 2024-2025 оқу жылында -116 мұғалім, жоғары білімді -114,орта білімді -2 білімді .
Оқу жылдары | Білімі, жоғары 1-11 сыныптар бойынша | Білімі, арнайы орта | Магистранттар саны |
2022-2023 оқу жылы | 111 | 7 | 18 |
2023-2024 оқу жылы | 111 | 6 | 19 |
2024-2025 оқу жылы | 114 | 2 | 18 |
Педагогикалық кадрларды аттестаттау:
Квалификациялық категориялар | 2022-2023 оқу жылы | % көрсеткіш | 2023-2024 оқу жылы | % көрсеткіш | 2023-2024 оқу жылы | % көрсеткіш |
Педагог -шебер | 1 | 1% | 1 | 1% | 1 | 1% |
Педагог-зерттеуші | 15 | 28,8% | 15 | 28,8% | 15 | 28,8 % |
Педагог-сарапшы | 34 | 28,8 % | 35 | 29,9 % | 36 | 31 % |
Педагог-модератор | 34 | 28,8 % | 40 | 34,1 % | 51 | 43 % |
2024-2025 оқу жылында 15 мұғалім- модератор, 5мұғалім- сарапшы, 2 мұғалім- зерттеуші біліктілік санаттарын алды.
Мектепте әр жыл сайын мұғалімдерді біліктілік курстарынан және біліктілік санатарынан өткізуге байланысты перспективалық жоспар құрылады. Сол жоспар бойынша мұғалімдер 3 жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтсе, әр 5 жыл сайын біліктілік санаттарын көтеріп немесе растап отырады.
Келесі оқу жылына педагогикалық кадрлардың қажеттілігін талдау.
2024-2025 оқу жылында мектепте логопед маманының орнына бос вакансия жарияланғанмен, біліктілік талаптарына сай келетін үміткерлер болмады. Оқу жылының басында, қыркүйек айында дене шынықтыру пәні мұғалімі , психолог мамандарының орнына вакансия жарияланып, мұғалімдер алынды. Бос вакансия жариялау Еңбек кз және НОБД порталдары арқылы барлық ережелер мен талаптарға сай өткізілді. Келесі 2025-2026 оқу жылына барлық пәндер бойынша саралау жұмыстары жүргізіліп, мұғалім жетіспеушілігі туындаған жағдайда алдағы маусым-тамыз айларында вакансия жариялау жоспарда бар.
Жас мамандар:
Жас мамандарды қолдау шараларын талқылау.
Мектебімізде жас мамандарды қолдау мақсатында «Іскер ұстаз» жас мамандар мектебі құрылған. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Кулжанова Айнұр Тургынқызы. Жалпы 2024-2025 оқу жылында мектебімізде 6 жас маман жұмыс істеді. Еңбек өтілдері 3 жыл. Барлық жас мамандармен жұмыс жоспары құрылып, тәлімгерлер бекітілген.
4. Қаржы-шаруашылық қызмет:
Ағымдағы жылдың бюджетінің атқарылуы:
Білім беру мекемелерінің шығыстары мен кірістерін талдау.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелерін талқылау.
Барлығы бюджет 1 241 251,0 мың .тенге
Бюджетті игеру 1 241 251,0 мың тенге
Көрсетілген қызметтер / Атауы Сомасы/ ҚТҚ шығару қызметі – 370,0 мың теңге
Күзет қызметі – 9 228,8 мың теңге
Картриджді толтыру қызметі – 525,0 мың теңге
1С Мекеме қызметтері – 400,5 мың теңге
СЭС өзін-өзі бақылау қызметі – 137,0 мың теңге
Вирусқа қарсы орнату қызметі – 499,9 мың теңге
Ағымдағы жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаға қызмет көрсету – 189,0 мың теңге
Testter.kz сайтын қолдау қызметі – 390,0 мың теңге
1-4 сыныптарға тегін тамақтандыру қызметі – 94152,9 мың теңге
Спорт алаңының жұмысы : барлық-сметалық құжаттамасы бойынша қызмет көрсету – 4 770,9 мың теңге
Мектептерді газбен қамту бойша авторлық қадағалау қызметі – 81,3 теңге
Мектептерді газбен қамтуға техника қадағалау қызметі – 412,0 теңге
Kazandyk Energy Багалау қызметі – 139,0 теңге
5-11 сыныптар үшiн жалпы бiлiм берет ұйымдарды тамашалау қызметi – 11686,7 теңге
Сатып алынған /зат, сома/ Химия кабинеті материалдық-техникалық жарақтандырылған – 8 388,8 мың теңге,
Физика кабинеті материалдық-техникалық жабдықтармен – 8 388,8 мың теңге,
Материалдық-техникалық жарақтандырумен биология кабинеті – 8 388,8 мың теңге,
Интерактивті СКД беті оқу жабдықтарының жиынтығы – 12 380,5 мың теңге
Жұмысқа моноблок, оргтехника – 524,6 мың теңге,
Лазерлік принтер, монохромды – 1 185,0 мың теңге,
Лазерлік принтер, түсті – 266,6 мың теңге.
Мектеп автобусы Оқушыларды тасымалдау – 33648,0 мың теңге
Жаңа оқу жылына дайындық:
Оқулықтар мен құрал-жабдықтарды сатып алуды жоспарлау.
2024-2025 оқу жылында 2504 оқулық алынды. Барлық сыныптар оқулықтармен толық қамтылған. Оқулық жетіспеушілігі жоқ.
2025-2026 оқу жылына etandau бойынша 1125 оқулыққа тапсырыс берілді. . Әлі тағы сұранысқа қарай тапсырыстар болады.
Білім беру мекемелерін жөндеу және жақсарту мәселелерін қарастыру.
Білім беру мекемелерін жөндеу және жақсарту – бұл білім сапасын арттыруға, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіз және қолайлы ортада жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Бұл тақырыпты бірнеше негізгі бағыт бойынша қарастыруға болады:
Ғимаратты жөндеу: мектепті жөндеуден өткізу (қабырғалар, шатыр, терезелер, есіктер, еден, жылу жүйелері және т.б.).
Жиһаз және құрал-жабдықтар: оқушыларға арналған парта, орындық, тақта, мұғалім үстелі сияқты қажетті құралдарды жаңарту.
Зертханалық құрал-жабдықтар: химия, физика, биология кабинеттерін қазіргі заманға сай жабдықтау.
Дәретханалар мен жуыну бөлмелері: заманауи стандарттарға сәйкес келетін санитарлық тораптарды орнату.
Су және кәріз жүйесі: таза ауыз су мен ағын судың үздіксіз қамтамасыз етілуі.
Жылу және желдету: қыста жылы, жазда салқын болатын жағдай жасау.
Интернет: барлық оқу корпустарын жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету.
Компьютерлік сыныптар: жаңа компьютерлер мен интерактивті тақталар орнату.
Сандық оқыту құралдары: электронды оқулықтар, білім беру платформаларына қол жеткізу.