13
ноябрь
2024
*Адал дос* атты қысқа метражды фильм көрсетті.
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады.
Осы мақсатта мектебіміздің *Адал Ұрпақ* ұйымы 1-4 сынып оқушыларына *Адал дос* атты қысқа метражды фильм көрсетті. Фильмде болған оқиғадан, оқушылардың ойын анықтап адал достықтың қандай болатынын айтып өтті.