03
октябрь
2024
Дублёр күні.
Дублёр күні.
03.10.2024 жылы мектебімізде " Ұстаздар күні"мерекесінде оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында "Дублёр күні" өткізу ұйымдастырылды.
Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары қызуғушылық танытты. Мектеп директоры болып 10-сынып оқушысы мектеп президенті Сүйінбай Алинур, ДОІЖО 10-сынып оқушысы Нұрмахан Ұлту , ДТІЖО 10-сынып оқушысы Габдуллина Айдана, тарих пәнінің мұғалімі Досқали Дабыр мен Тоқтарбек Дарын, химия пәнінің мұғалімі Асиин Айша, алгебра пәнінің мұғалімі Түсіпбек Әмір, биология пәнінің мұғалімі Мұрат Айгерім, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалкөз Рамазан, география пәнінің мұғалімі Қуандық Динара, физика пәнінің мұғалімі Айдаралы Жаслан белсенді атсалысуда. Сонымен қатар, жүргізілген шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 9-10-сынып оқушылары атқарады. "Дублёр күнін" 3-4 қазан күні өзін-өзі басқару ұйымы жүзеге асырады.