Жыл қорытындысы » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
декабрь
2023

Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы:
№179 жалпы білім беретін мектеп КММ жыл бойы жеткен жетістіктері көп.Оған дәлел - ұстаздарымыз түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып, оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді. 8-11-сыныптар арасында өтетін Республикалық "Дарын" ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінен 9-сынып оқушылары Нұрмахан ұлту, Мұрат Ақерке ІІІ орын иеленді, жетекшісі Байказакова Орынкүл. Республикалық Лингвистикалық олиимпиаданың аудандық және қалалық кезеңінен 11-сынып оқушысы Дарханқызы Інжу І орын алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық 2-7-сыныптарға арналған "Зерде" жобалар байқауының аудандық кезеңінен 7-сынып оқушысы Мейірбекұлы Жандос математика пәнінен І орын алып, қалалық кезеңге жолдама алды, жетекшісі Туралық Мира. 3-сынып оқушылары Сакен Айназ, Асылқызы Айша ағылшын тілі пәнінен І орын алып, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Джаркынбекова Айгерім. 9-11-сыныптар арасындағы Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен 10-сынып оқушысы Ақылбекұлы Елнұр Қазақстан тарихы пәнінен І орын алып, қалалық кезеңге шықты. Жетекшісі Рахимжанова Зарина . 10-сынып оқушысы Самбетқұл Халима Құқықтану негіздері пәнінен І орын алып, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Сейдахметова Гүлбану.
Әр пәнді терең үйретуге мүмкіндік беретін оқу бөлмелері қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Осы орайда жаһандану мен инновацияның көшінен қалуға болмайтын заманда мектептің заманауи құрылғылармен жабдықталып, ғылыми ізденіс пен ұлттық тәрбиеге жаны жақын ұстаздардың ізденісімен сол құрылғылардың оқушы қызығушылығын арттыру үшін керекке жарап отырғаны – ұжымның жемісті жеңісі болып отыр. Мектебімізде осы жылы көптеген жаңарту жұмыстары жүргізілді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: