«Ғылыми жобаның рәсімделуі» » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2023

«Ғылыми жобаның рәсімделуі»

02 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері «Ғылыми жобаның рәсімделуі» тақырыбында мектепішілік семинар өткізді. Семинар барысында бірлестік жетекшісі Шопиева А. Р. ғылыми жобаның рәсімделуі, құрылымы, жазылу ерекшелігі туралы таныстырылым көрсетіп, әріптестерімен ой бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойкенова Ж. А оқушы жұмысының үлгісімен қатынастырып, өзіндік тәжірибесімен бөлісті. Педагог-шебер Мұстафина Б. А ғылыми жетекшінің беретін рецензиясы мен жетекші пікірінің жазылуын көрсетіп, тақырыпты қалай таңдауға болатынын, жоба жазу кезіндегі кейбір ерекшеліктерді атап көрсетті. Туындаған сұрақтар бойынша қатысушы мұғалімдер өз пікірлерін айта отырып, мәселені талқылады. Семинар соңында Исаева Ә «World wall» қосымшасы арқылы талданған ақпараттар бойынша бекіту сұрақтарын алды.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: