"Ата заңым айбыным" » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
август
2023

"Ата заңым айбыным"

«Ата заңым айбыным» тақырыбында атқарылған іс-шара
Мақсаты: Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу
Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпы халықтық референдум негiзiнде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлык принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесiн белгiледi, экономикалық құрылыстың негiздерiн айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екiншi конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 28 жыл толуына байланысты кітапханашылар көрме ұйымдастырды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: