"Қамқорлық" қайырымдылық акциясының қорытынды есебі » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қамқорлық" қайырымдылық акциясының қорытынды есебі
02
февраль
2017

"Қамқорлық" қайырымдылық акциясының қорытынды есебі

Қайырымды

жандар қатары артып келеді

 

Жыл сайын оқумен қамту айлығы қарсаңында  “Қамқорлық” қайырымдылық акциясы басталады. Осынау қайырымы мол шараның арқасында талай көмекке мұқтаж бала өзге әріптестері сияқты мектеп партасында отыруға мүмкіндік алады. Өйткені, біздің арамызда жүрегі жұмсақ, қайырымы мол жандар көптеп кездеседі.

Сондай жандардың арқасында мектепке келмей қалу қаупі бар балалардың бәрі қолдарына қалам алып, ақ пен қараны тануды бастады. Алатау ауданына қарасты №179 жалпы білім беретін мектеп ұжымы осынау сауапты іске белсене атсалысты. Мектебімізде  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және мектеп жасындағы балаларды міндетті оқумен қамту жайлы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы №18-3/5 хатын орындау мақсатында әр оқу жылында қаңтар – ақпан  айларында «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрыққа негізделіп  «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.

«Қамқорлық» акциясы туралы акция логотипін қолдана отырып, ақпараттық бұрышитар, баннерлер, плакаттар осы аталған мектепте орнатылды.

2017 жылғы қаңтар айында «Жалпыға міндетті оқумен қамту»  бойынша атқарылатын жұмыстар жүйелі жүргізілуде, жалпыға бірдей міндетті оқу заңын жүзеге асыру мақсатында ықшам аудандар бойынша бекітілген мұғалімдер көше аралауда.

Ықшам аудандарға рейд жүргізу барысында қайыр сұрап немесе қаңғырып жүрген оқушылар әзірге анықталмады.

Айлық кезінде мектеп ұжымы жомарттық танытып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамассыз етті. Сонымен қатар айлық барысында «Қайырымдылық асыл – қасиет» тақырыбында 1–11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Акция барысында «Қайырымдылық асыл – қасиет» тақырыбында 1–11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Акцияға осы аталған мектеп ұжымы, ата – аналары жомарттық танытып, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары, ата-ана қамқорынан тыс қалған балалар мен көпбалалы отбасынан шыққан балаларды оқушы формасы, сөмке, аяқ киім және оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етті. “Көп түкірсе көл” деген емес пе? Қайырымды жандар біріксе, кез-келген ауыртпалықты жеңуге болады екен.

Ата-аналар осындай сауапты іске ұйытқы болған мектептің әлеуметтік ұстазына, мектеп ұжымы мен жомарттық танытқан ата-аналарға зор алғыстарын алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіруде.

 

Айдана МАХАНБЕТОВА,

№179 жалпы білім беретін мектептің

әлеуметтік ұстазы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: