Войти
Закрыть

Ақпарат

Ақпарат / Байланыс

 Алматы қаласы Алатау ауданы №179 жалпы білім беретін мектепте, қашықтық оқыту жағдайында балаларды тәрбиелеу мәселелерінде, "мектеп – бала – ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға көмек көрсету мақсатында мектеп директорының байланыс телефоны

Педикулез ауруын алдын алу

Ақпарат / Ата-аналарға / Оқушыларға

Педикулез – кең таралған паразиттік ауру, оның қоздырғышы қан соратын жәндіктер – биттер. Ауру тұрмыстық қатынастар арқылы, науқастың жеке заттарын қолданған кезде жұғады.

Аурудың алғашқы белгісі – қышу, бұл қан сору кезінде теріге енетін биттердің сілекейіне аллергиялық реакцияның нәтижесі.

Әрбір нақты науқаста педикулезді емдеу эпидемияға қарсы іс-шаралармен бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс (бас киімдерді, киімдерді, төсек-орын жабдықтары мен үй-жайларды дезинсекциялау және т.б.). Жәндіктерді жою паразиттерге қарсы құралдармен жүзеге асырылады. Өңдеу, тазарту науқастың басына ғана емес, оның заттарына да қажет. Барлық тірі даралар мен сіркелер киімнен, төсек-орыннан, жеке заттардан жойылу керек. Әдетте науқастың денесіндегі биттерді жою қиын емес. Денеден де, заттардан да барлық сіркелерді алып тастау әлдеқайда маңызды. Сонымен қатар, қайта жұқтыруды болдырмау үшін инфекция көзін анықтау маңызды.

Мынадай алдын алу іс-шаралары туралы еске саламыз:

- ойындар мен басқа да іс-шаралар кезінде бастардың түйісуін болдырмау;

- бас киім, шарф, пальто, тарақ, құлаққаптар және шаш аксессуарлары сияқты жеке заттарды алмасып қолданбау;

- киімді ортақ шкафтарда сақтаудан аулақ болу;

- жеке гигиенаны тұрақты және мұқият сақтау;

- тек өзіңіздің жеке заттарыңыз бен бас киімдеріңізді пайдалану;

- апта сайын төсек-орын төсеніштерін ауыстыру;

- бассейнде резеңке бас киім қолдану. 
Мектебімізге Алматы қаласының № 21 қалалық емханасынан дәрігер Назгуль Маратқызы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

 

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Мектеп ауласы оазисі»

Ақпарат / Ата-аналарға / Оқушыларға

Мектеп ауласы оқу мекемесінің – көрнекті келбеті. Келуші бір қарағанда мектептің ауласына қарап алғашқы ойы қалыптасады. Сауатты және қызықты етіп көгалдандырылған мектеп ауласы оқушылар мен мұғалімдердің өзін-өзі бағалауын арттырып, барлығына жағымды көңіл-күй сыйлайды. Ол адам денсаулығына да оң әсер етеді.
Бүгін барлық білім беру ұйымдарында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Мектеп ауласы оазисі» тақырыбында 11-сынып оқушылары мектеп ауласына гул отырғызу жұмыстарын жүргізді.
 

"Жұлдызды сәт"

Ақпарат / Жетістіктеріміз / Оқушыларға

Алматы БалаFEST фестивальінің "Жұлдызды сәт" аудандық байқауы Вокалдық өнер номинациясы бойынша № 179 жалпы білім беретін мектептің 5"А" сынып оқушысы Архат Іңкәр, 1 "В" сынып оқушысы Дәулет Сезім қатысып "Қорқыт" әнін екі дауыста орындап,  III- орынға ие болды. 

  

"МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА"

Ақпарат / Жетістіктеріміз

"МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы "Менің сүйікті кітабым" Республикалық челленджі аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым қожа" кітабы бойынша аудан мектептері арасында ұйымдастырылған іс- шара.
Мақсаты: Оқушылар жазушы өмірімен танысу әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білу. Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, үлгі өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрініске қатысқандар:
Қожа рөлінде: Досқали Сабыр
5- сынып оқушысы
Сұлтан рөлінде: Ерланов Дастан
7-сынып оқушысы
Дәулет рөлінде: Мұратбай Нұртас
5-сынып оқушысы
Жетекшілері:
Саимбулекова Жания
кітапханашы
Мұстафина Бибінұр
қазақ тілі мен әдебиеті
пән мұғалімі
 

«Үш бәйтерек: өмір және құндылықтар»

Ақпарат / Іс-шаралар / Оқушыларға

Алаш арыстары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Үш бәйтерек: өмір және құндылықтар» тақырыбында, жазушы, драматург, әдебиеттанушы-ғалым, аудармашы, алаштанушы, әдебиет сыншысы , ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Алғыс хаты» және «Алтын барыс» медалінің иегері Әлібек Байбол Уәлиханұлымен ғылыми- танымдық конференция өткізілді.
Мақсаты: Ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға ұғындыру, азаматтық тұлғасын таныту. ауызша сөйлеу, көпшілік алдында сөйлей білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
 
В будущее В прошлое

Навигация